Среда, 3 июня, 2026
Тәрбие жұмысы

2026 жылдың 4 наурызында Қостанай ауданының балалар музыка мектебінің базасында «Екі жұлдыз» аудандық таланттар байқауы өтті

2026 жылдың 4 наурызында Қостанай ауданының балалар музыка мектебінің базасында «Екі жұлдыз» аудандық таланттар байқауы өтті.
Іс-шара шығармашылық дуэт форматында өнер көрсеткен 5-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын біріктірді. Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептерінен барлығы 17 дуэт — 42 қатысушы қатысты. Байқау көктемгі мерекелер — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілді, бұл іс-шараға ерекше жылулық, отбасылық құндылықтарды құрметтеу және шығармашылық шабыт берді.
Байқау қорытындысы бойынша Ибрагим Русланұлы, Алпысбаева Космагүл 3 құрметті орынға ие болды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, әртістік пен сахна мәдениетін көрсете отырып, вокалдық, аспаптық және хореографиялық нөмірлерді ұсынды.