«Мен және қоршаған орта»
Бүгін Мини-орталықта «Мен және қоршаған орта» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Балалар табиғатты аялау, өсімдіктерге қамқорлық жасау туралы әңгімелесіп, сынып бөлмесіне гүлдер отырғызды.
Сабақтың мақсаты – балалардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және еңбекке баулу.
Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, әр гүлге ұқыптылықпен қарады. Енді сыныбымыз әсем гүлдермен көркейе түсті
11.02.2026ж.

