«Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау»
Бүгін мини-орталықта «Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау» ережелері»тақырыбында сюжетті-рөлдік ойын өтті. Балалар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерімен танысты. Олар дүкенде, автобуста, саябақта қалай дұрыс әрекет ету керектігін ойын арқылы көрсетті.
Мақсаты: балаларға қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін үйрету, әдептілікке, жауапкершілікке және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойын барысында тәрбиеленушілер сыпайы сөйлесуді, кезек күтуді және қоғамдық тәртіпті сақтауды үйренді.
17.02.2026ж.

